«Тәжірибе алмасу – мұғалім үшін кәсіби қажеттілік» тақырыбындағы тәжірибе алмасу сағаттары бастауыш сыныптардың жаратылыстану пәнінен тәжірибелік сабақтары «Қазақстан халқына қорының» қолдауымен ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін арттыру жобасы аясындағы Қадыр Мырза Әли атындағы жалпы орта тірек мектебінде жалғасуда.
Бастауыш сынып мұғалімдері Ұ.Закарина 3Б сыныбында «Зерттеуді қалай жоспарлау керек» тақырыбында, 2Б сыныбында М.Убишева «Магнитті қалай қолданады» тақырыбында, 4А сыныбында А.Мадениетова «Ауада Архимед заңы қалай орындалады» тақырыбындағы сабақтарын өткізді.
Тәжірибе сағатына аудан мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, пікір алмасты. Бастауыш сыныптардың жаратылыстану пәнінен зерттеу жұмыстарын жүргізудің тиімді әдістері көрсетіліп, өзара тәжірибе алмасты. Тірек мектебіндегі жоспарлы тәжірибе алмасу жұмыстары жалғасын табуда. Тәжірибе алмасу сағаты «Тик ток» әдісі бойынша қорытындыланды.