Тілсіз жау тұзағынан сақтан!

(0 Votes)

Тілсіз жау кенет жағадан алғанда әркім білуге тиісті қауіпсіздік ережелері бар.

Соның бірқатарына тоқталып өтсек:

1. Өрттің ауқымы кішкентай болса, крандағы сумен, болмаса қалың дымқыл матамен өшіруге тырысыңыз;

2. Ғимараттағы барлық тоқ көздерін ажыратып, газ құбырларын жабыңыз;

3. Қауіпті аймақтан өту үшін синтетикалық киімдерді шешіп, орнына жүн немесе мақтадан тігілген киім кию керек. Киімдерді сулап, басыңызға ішік, жейде, орамал сынды қалың дымқыл жамылғы жабыңыз. Дәл осылай мұрныңыз бен ауызыңызды да тұмшалау қажет. Ол түтіннен уланып қалудың алдын алады;

4. Есіктерді қатты жабыңыз. Себебі от оттегі келіп, жел соққан сайын өрши түседі;

5. Өрт шыққан үйден адамдарды эвакуациялау кезінде балалардың төсектің астына, сөрелер мен қуыстарға тығылып қалатынын естен шығармаңыз.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету үшін ең алдымен 103 нөміріне хабарласып, жедел жәрдем шақырыңыз. Күйік алған адамдардың үстіндегі киімін шешуге болмайды. Өте үлкен күйікке шалдыққан адамды үлкен матаға немесе төсек жаймасына орап, ыстық сусын берген абзал. Түтінге уланған адамды таза ауаға алып шығу тиімді.

Өрттің алдын алуға мейлінше үйде темекі шекпеген, тамақ істеп жатқанда газ плитасын қараусыз қалдырмаған жөн. Оған қоса, электр тогы мен газ құбырларын үнемі тексеріңіз. Қандай да бір ақау барын байқасаңыз, бірден арнайы мамандарға хабарласыңыз. Өрт сөндіргішті қолданып үйреніңіз және оны отбасыңыздың мүшелеріне де көрсетіңіз. Себебі, өрт шыққанда оның нұсқаулығын оқып тұруға уақытыңыз болмайды. От жағуға арналған сіріңке, оттықтарды балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз. Балаларыңызға Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің нөмірлерін жаттатыңыз: өрт сөндірушілер – 101, полиция – 102, жедел жәрдем – 103, газ апатынан құтару қызметі – 104.

 

Т.Сансызбаев,

аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің

бастығы, азаматтық қорғау майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT