-Мен тұратын Кудряшов ауылы ежелден орыс-қазағы аралас татулығы жарасқан елді мекен. Бұл жерде ата-бабамыз тұрды, болашақта ұрпағым да осы балықшы ауылды мекендейді деген ойдамын.
Әділетті Қазақстанды құруға себепкер болатын сайлауға мен де барып дауыс бердім. Өйткені бұл - менің азаматтық позициям, еліміздің әр өңіріндегі отандастарымыз өз еріктерін білдіріп жатқанда саяси науқаннан сырт қалуды жөн көрмедім.
Ауылдағы 191-шы сайлау учаскесіндегілере өте ризамын. Жұмыстарын тиянақты атқарып жатыр, еш кідіріс жоқ,-Владимир Сахипов, ауыл тұрғыны