5-қыркүйек ҚР-ның Тілдері күніне орай барлық білім ордаларында тіліміздің құдіретін айшықтайтын шаралар кеңінен жүргізіліп келеді.
Сондай тәрбиелік мәні бар шаралардың бірі М.В. Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары мен тіл бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тілім менің- ғасырлардан аманат» тақырыбындағы онкүндіктің іс-шарасы ұйымдастырылды.
Алғашқы күннен бастап мұғалімдермен өзге ұлт өкілдерінің құттықтау сөздерімен «Тіл-ұлттың тірегі» атты бейне түсірілім, «Тіл- ұлттың қазынасы» әдеби монтаж, «Қазақшаң қалай?» өзге ұлт өкілдерімен интервью 11 сынып оқушысы А.Оллабергенов пен В.Хойлованың қазақша еркін таза сөйлеуі, үзіліс уақытында оқушылармен қазақтың ұлттық «асық ату», «бес тас», «тоғызқұмалақ» ойындары, «Кел, балалар, оқылық!» оқушыларды көркем шығарма оқуға шақыру, 6-сыныптар арасында «Ана тілің- арың бұл!» атты «таңғажайып қазына» танымдық ойын сайысы балалар кітапханасымен бірлесіп салт -дәстүр, тарих, тіл туралы мақал-мәтелдер айтудан, қазақ әдебиетінің өкілдері, тілімізде ұмытылып бара жатқан сөздердің мәнін ашу, тілімізді айшықтайтын сұрақтарға жауап берді, сонымен бірге «Көшпелі көрме» аудандық орталық кітапханамен «Тіл туралы заңға шолу» арқылы ҚР тілдер мерекесіне орай оқушыларды кітап көрмесімен таныстырды. Тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған QUIZ интеллектуалдық ойынын тәрбие меңгерушілері Б.Анесов, Ж.Битекенова жоғары деңгейде ұйымдастырды. Сайыс аудандық көлемде өтті. Шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына мектептің тіл мамандары А.Менсейітова,Г.Байдаулетқызы, А.Аманқызы, Д.Бисенгалиева, А.Ажгалиева, А.Гумарова, Г.Құлбаева, Ж.Айткалиева, А.Талапова т.б өз үлестерін қосты.
Аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері А.Ахметова қорытынды сөз сөйлеп, танымдық шаралардың жоғары деңгейде өткізіліп, мектебіміздің ертеден өз тарихы құндылығын жоғалтпай іргелі мектеп қатарынан орын алып жүргенін мақтанышпен айта келіп, мектеп директоры Т.Қадырбайқызы осындай жақсы игі бастаманы ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізіліп ұрпаққа өнеге болған ізденімпаз жастарға ризашылығын білдірді.
Осы шарада аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Н. Батуов өз қолымен тіл мәртебесін көтеріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қосқан үлесі үшін тіл мамандары А.Аманқызы мен А.Джамбулованы белсенді жастар қатары ретінде марапаттады. Тілімізді тағы бір қырынан танытқан шара жоғары деңгейде өткізіліп, ұрпаққа берер тәлім -тәрбиесі мол болды.
Г.Жасқайырқызы,
М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің тіл әдебиеті пәнінің мұғалімі