Тілекші - үздік әдіскер

(0 Votes)

Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен қалалық және аудандық білім беру бөлімі әдіскерлері арасында «ҮЗДІК ӘДІСКЕР" байқауы өтті.

Бұл байқау осымен төртінші рет ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты: Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудағы барлық деңгейдегі әдіскерлердің инновациялық үздік жұмыс тәжірибесін анықтау, тарату және олардың кәсіби шеберлігін көтеру, қолдау; Әдіскердің кәсіби шығармашылығын ынталандыру;

Білім беру жүйесінде әдіскерлердің жағымды әлеуметтік және кәсіби келбетін қалыптастыру, мәртебесін көтеру; Үш кезеңде қатысушы әдіскерлер мектеп мұғалімдерімен сабақ өткізуіне байланысты кері байланыстар жасап ұсыныстарын берді, өздері үздік педагогтермен сұхбат жүргізіп, жобаларын сәтті қорғап шықты.

Қатысушылар TEDx форматында мемлекеттік білім беру саясатын өңірлік деңгейде тиімді іске асыру мен білім сапасын арттыру мақсатында әдіскерлік идеясын ұсынып, соңғы 2 жылдық шынайы нәтижелерін көрсетті.

Байқау қорытындысында II дәрежелі дипломмен және кәсіподақ атынан 75 000 теңгелік сертификатпен ауданымыздың намысын қорғаған Медеуғалиева Тілекші Жағыпарқызы марапатталды.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT