Балалар жылына орай Д.Нұрпейісова атындағы өнер мектебінің ұйымдастырумен «Тілегіміз – бейбіт күн» атты ән фестивалі өтті.
Оған ауданға қарасты мектептердің 7-10 жас арасындағы кіші топ және 11-13 жас аралығында үлкен топ өнерпаздары қатысты. Сайыскерлерге достық, Отан, бейбітшілік, туған жер, бақытты балалық шақ туралы әндер шырқау талабы қойылып, оларға Милана Қадырқызы, Гүлзада Аманжолқызы, Мөлдір Әділханқызы сынды вокал педагогтары төрелік етті. Әділқазылар әнші балапандардың дайындық деңгейін, дауыс диапазонын, харизмасы мен образы, сахна мәдениеті сақталуын қатаң бағалады.
Байқау нәтижесінде, үлкен топтан Ломоносов жалпы орта мектебі – ІІІ, Абай жалпы орта мектебі – ІІ, Нұржау жалпы орта мектебі - І орынды иемденді. Ал, кіші топтардан Айнара Самат пен Ляян Аркадийқызы Алғыс хатпен, Алия Елтай мен Еркеназ Жеткеншекова ІІІ орынмен, Медина Құралбекқызы ІІ орынмен және Жанерке Батырбек І орынмен марапатталды.
Жайдарлым Еркебұланқызы