Тілдер фестивалі өтті

(0 Votes)

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілді.

Осыған орай, С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» атты тіл фестивалі ұйымдастырылды. Оны мәдениет үйінің қызметкерлері Жазира Сәрсенғалиева, Рахат Айтасов және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тоғжан Каримолла үш тілде жүргізді. Мерекелік шара «Наз» би тобының қазақ биімен ашылды.

img_4775

img_4788

Аудан өнерпаздары және жас өрендер орыс, өзбек, француз, корей, ағылшын, украин т.б. тілдерде ән салып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

img_4795

 

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT