Тіл мүкістігінің бірнеше түрлері бар. Олар:
– сигматизм – с, ц, з, т, ж, г, щ әріптерін дұрыс айтпаудан сөздің бұзылуы;
– сақаулық – р әріпін айта алмау;
– лямбдацизм – л дыбысын басқа әріппен алмастыру;
– дизартрия – әріптерді дұрыс айтпаудан сөздің бұзылуы. Балалардың «н» мен «ң» дыбыстарын дыбыстай алмауының бірнеше себебі бар. Егер балада сөйлеу мүшелері дұрыс қалыптаспаса, ол “ң” дыбысын нақты айта алмайды. Яғни, таңдайының биік орналасуы, жағының дұрыс жұмыс жасамауы, ернінің қалың болуы бұл дыбысты дұрыс айтуға кедергі болады.
Дислалия-сөйлеу тілі бұзылыстарының ең көп тараған түрі. Мұнда баланың артикуляциялық аппарат мүшелері (тіл, ерін, жұмсақ таңдай,төменгі жақ) қозғалысының жақсы қозғалмауынан, фонематикалық есту қабілетінінің дұрыс қалыптаспауынан кейбір дыбыстар топтамасын кейде жеке дыбыстарды алмастырып, бұзып айтуы.
Тіл мүкістігін жоюға бола ма?
Тіл мүкістігі – тек дұрыс сөйлеу ғана емес, ойлағанын жаза алмау. Яғни, бала естігенін сол күйінше жаза салады. Мәселен, бала мектеп жасында дұрыс жазуды, ойлауды үйренбесе, сол күйінше қала береді. Біз баланың дұрыс жаза алмайтынын қалай байқаймыз? Мектеп жасындағы балалардың ақыл-ой дамыған деп есептейік. Ал дұрыс жазып білмейтіндер қолындағы затқа немесе айналасындағы қоршаған орта туралы дұрыс айта алмайды. Демек, олар дұрыс ойлап білмейді деген сөз. Мұның бәрі мидың тежелуінен болады.Барлық жастағы адамдардағы тіл мүкістігінен арылуға болады. Яғни, жоғарыдағы айтқан төрт түрін де әртүрлі жолмен жоя аламыз. Ол үшін арнайы логопед маманға көріну керек. Маман ауыз қуысына қарай аппарат арқылы бірнеше сабақтар өткізеді. Түрлі жаттығулар береді немесе деңгейіне қарай жеңіл операциялар болуы да мүмкін.
Қажымғалиева Клара Өмірзаққызы,
Құрманғазы ауданы білім бөлімінің №5 психологиялық педагогикалық түзеу кабинетінің меңгерушісі