Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі туралы айтыла бастағалыда біраз уақыт өтті. Бұл туралы Республиканың мерзімді баспасөз беттерінде де талай адамдардың тебіреністі ой-пікірлері жарық көрді.
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясының әлі күнге өз деңгейіне жете алмай келе жатқаны ащыда болса шындық. Мұндай жүрекжарды пікірлердің ашық айтылуы заңды құбылыс деп есептейміз. Өйткені, Тәуелсіздік деген жоғары ұғым мемлекеттік тіл мәртебесімен астасып жатқаны анық. Тіл-ұлттың өзегі. Қазіргі уақытта барлық мемлкеттік органдарда іс құжаттары қазақ тілінде жүргізілуде. Алайда, хат алмасулар әлі күнге орыс тілдеріндеде кездеседі.
Ел боламын десең-бесігіңді түзе»-деген дана халқымыз. Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмайды, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді.
Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуге міндеттіміз. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын бағажетпесмұра.
Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп анық жазылған, Ата Заңымыздан туындаған “Тіл туралы” Қазақстан Республикасының заңында да осы жағдай берік қамтылған.
Аталған заңда “Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір адамның парызы” – деген.
«Қазақ тілі – рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» деп бекер айтылмайды. Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс. Ол үшін ана тіліміздің қадір-қасиетін өзіміз білуіміз, насихаттаумыз керек. Ана тілі ана сүтіндей өте қасиетті. Қазіргі жастардың бір қатары ана тілін білмейді, құрметтемейді. Ал кейбіреулері бірінші орынға шет тілдерін қойып қазақ тілі қазағымыздың байлығы екенін түсінбейді.
Құрманғазы аудандық сотында істердің көбі қазақ тілінде қаралуда. Биылғы жылы, яғни 2023 жылдың күні бүгініне дейін келіп түскен 635 талап қою арыздарының 345 қазақ тілінде түскен. Қылмыстық істер бойынша 48 іс келіп түскен. Оның 45-і қазақ тілінде. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша 890 істер келіп түскен. 784-і қазақ тілінде қаралған.
Сотқа келіп түсетін арыз шағымдардың басым бөлігі орыс тілдерінде келіп түсіп жатады. Соның ішінде азаматтық істер бойынша талап қоюшы өкілдерінен түсетін арыздар. Талап қоюшы өзі орыс тілін дұрыс түсінбеседе өкілі өзіне ыңғайлы тілді таңдап арызын жолдайды. Жауапкерлер кей кездері орыс тілін түсінбегендіктен істі қазақ тілінде мемлекеттік тілде неге жүргізілмейді деген наразылықтарын білдіріп жатады.
Қазақстан Республикасы азаматтық процестік кодексінің 14 бабында сот ісін жүргізу тілі бойынша азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал заңда белгіленген жағдайларда басқа тілдер де қолданылады.
Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Сол бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады. Істі сот талқылауына дайындау кезінде екі тараптың да жазбаша өтінішхаты бойынша сот ұйғарымымен сот ісін жүргізу тілін өзгертуге құқылы.
Егер істі бірінші сатыдағы сотта қарауға дайындау барысында талап қоюшының өз өкілі талап қою берген тілді білмейтіні анықталса, онда сот талап қоюшының жазбаша өтінішхаты бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы ұйғарым шығарады.
Талап қоюшылар көбіне қалалық адвокаттарға жүгінеді. Ал, олар өзіне ыңғайлы яғни орыс тілінде талап қою арызын жазады. Сот процесінде талап қоюшының өзі орыс тілін жетік білмейтіндері анықталып жатады. Сол себепті талап қоюларды жолдаған кезде тараптар ортақ түсінетін тілде жолданған дұрыс. Тіл болашағы мемлекет болашағы дейтін болсақ мемлекеттік тіліміздің қолданыс аясын әр салада Ата заңымыздың аясында барынша кеңейту әрбір қазақтың міндеті және парызы деп түсінуіміз керек.
С.С.Мусина,
сот әкімшісі басшысы