Қазақстан Республикасы егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүріп келе жатқанына отыз жылда болып қалды. Осы жылдар аралығында қоғамда барлық салаларында терең, әрі түбегейлі өзгерістер орын алды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып еңсесін көтерді. Халықаралық деңгейде бәсекелес болуға қабілеттілігін көрсетіп келеді. Тарихтың тереңіне кеткен рухани мұра туындылары қайта жаңғырып, өзінің лайықты мұрагерлерін тапты. Алайда, қоғамда белең алып жатқан келеңсіз мәселелер де жоқ емес. Әлемде қазіргі діни ахуал күрделі әрі сан саналы екендігі бәрімізге мәлім.
2005 жылы 18 ақпанда «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» және 1999 жылы 13 шілдеде «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданды. Қазақстан Республикасында экстремизм немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңінде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты таратуға, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды, сондай-ақ қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа жол берiлмейдi.
Сөзімді қорыта келе, Қазақстан Республикасында экстремизмді немесе терроризмді насихаттау, оны қаржылай қолдау, қақтығыстарға қатысу, адамдарды үгіттеу, ұлтаралық және діни аразылықтарды тұтандырған тұлғаларға қатысты қатаң қылмыстық жауапкершілік көзделгенін сезініп, оған аса жауапкершілікпен қарап, экстремизм мен терроризмнің алдын кесіп, қоғамның еліміздің болашағын Қазақстан Республикасының әр бір азаматы қорғауға тиіс.
А.Джумахметова