ТЕОЛОГ НЕГЕ ТҰРАҚТАМАЙДЫ?

(0 Votes)

Пікірсайысқа қатысушылар теолог маманды өзімізден дайындау керек деген ұсыныс айтты.

«Nur Otan» партиясы праймеризіне Құрманғазы ауданынан қатысушылардың онлайн пікірсайысында діни фанатизммен күреске қатысты түскен онлайн сұраққа оған еріктілер атынан қатысушы Нұргүл Сұлтанова:

– Мен жас кезімде діни тақырыпта көп оқыдым. «Дүниелік білімнен ақиреттік білім жоғары тұруы керек», деген сөз бар. Бұл фанат болу дегенді білдірмейді, дұрыс жолды таңдауға үндейді. Жастар адаспас үшін ҚМДБ ұстанатын бағытты таңдауы керек деп есептеймін, - деген өз жауабын берді.

Өзін-өзі ұсынушы Ернар Боранғалиев теологқа қатысты сұраққа жауап беріп, оны өз жерімізден оқытпаса, шеттен келгендер ауданға тұрақтамайтынын жеткізді. Осындай бағытта өрбіген «Nur Otan» партияішілік іріктеу сайлауына қатысушылардың алғашқы пікірсайысы оған қатысушылардың туған еліне, халқына қызмет етсем деген шынайы ниеттеріне куә болдық. Бірнеше шақырылымның депутаты болғанда қандай мәселені шештіңіздер деген сұраққа халық қалаулылары Бержан Кенжебаев тіркеу мен қайта тіркеуді ретке келтіруге үлес қосқанын, Жұмажан Шакупов қазір жүріп жатқан 142 шақырымдық түп-тереңдету жұмыстарының басталуына ұйытқы болғанын жеткізді.

Соңында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев пікірсайысқа қатысушылардың оның өту барысы жөніндегі ұсыныстарын тыңдады.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521