Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Теңіз ауылдық клубында "Кел төрлет, әз Наурыз" атты мерекелік шара өткізілді.
Шара барысында Теңіз ауылдық округінің бас маманы С.Мұратов, ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Карсаков, ауылымыздың үлкендері ауыл тұрғындарын мейраммен құттықтап, жүрекжарды ақ тілектерін білдірді. Қонақтарымызға Наурыз көже мен бауырсақ ұсынылып, ұлттық тағамдардан дәм татты.
Ауылымыздың өнерпаздары мәдени шарада ұлттық салт - дәстүрімізді дәріптейтін көріністер көрсетіп, ән - биден шашу шашты. Сонымен бірге ұлттық ойындар ұйымдастырылды.
Мерекелік шараға ауылдық округ әкімі аппаратының ұжымы, Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта мектебі, "Айсамал" бөбекжай балабақшасы, емхана ұжымы және мәдени қызметкерлер ат салысты.
Мерекелік кеш әсем ән мен күмбірлеген күйден шашу шашылған концерттік бағдарламаға ұласты.