Теміржолшылардың кәсіби мерекесі атап өтілді

(0 Votes)

Теміржол - ел экономикасының күретамырына айналған маңызды саланың бірі.

Көлік логистикасының көшін бастаған шойын жолқызметкерлерінің тынымсыз еңбегі әрқашан қоғам назарынан тыс қалған емес. Осы орайда, тамыз айының алғашқы жексенбісінде тойланатын теміржолшылар күніне орай аудандық мәдениет үйінде «Теміржолшы – еңбекқор, дара тұлға» атты салтанатты шара өтті.

dc971547-a578-46c2-9cdf-78961b136101

Онда алдымен аудан әкімінің міндетін атқарушы Гүлнәр Хасанова сөз алып, сала қызметкерлерінің еселі еңбегіне лайықты бағасын беріп өтті.

a2ccbe05-4c74-4854-96a5-22e58edcea6c

- Көлік саласы әр кезде еліміздің экономикасы мен өндірісінің барлық буынын байланыстыратын аса маңызды сала болып табылады. Мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы көп жағдайда теміржол көлігінің тиімді жұмыс істеуіне, күнделікті қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін кәсіби теміржолшылардың аянбай еткен еңбегіне байланысты. Сол себепті де теміржол - ел экономикасының күретамыры, - деп құттықтау тілегін арнаған ол сала ардагерлері Сисенғалиев Әбіштің, Құлжанов Жантемірдің, Жұманиязов Асылбектің, Ганюшкин стансасы басшысының орынбасары Баяров Исатайдың өңіріне Хиуаз Доспанованың 100 жылдығы мерейтойлық төсбелгісін қадады. Сондай-ақ, бір топ озат теміржолшыларды аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

3c56073a-789e-4d21-b689-668b4f2227ef

Әріптестік тығыз қарым-қатынас орнатып, теміржолдың темірдей тәртібі мен міндетіне жоғары жауапкершілікпен қарайтын кәсіби мереке иелерін Ганюшкин шекара бақылау бөлімшесінің басшысы Жеңіс Тұраханов құттықтады. Ганюшкин стансасы басшысының орынбасары Баяров Исатай да теміржол саласында еңбек етіп, еліміздің дамуы жолында сүбелі үлес қосқандарға жүрекжарды лебізін арнады. Сән-сәлтанаты келіскен шарада аудан өнерпаздары шағын концерттік бағдарлама ұсынды.

Айбек НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521