Теміржолшы мерейін көтерген күн

(0 Votes)
Ақкөл ауылдық округінде Вокзал алаңында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Ганюшкин темір жол станциясының құрылғанына 55 жыл толуына арналған «Теміржол – тарих пен болашақты жалғайтын жол» атты мерекелік шара өтті. Айта кетейік, 1960 жылдардың аяқ кезінен бастап Гурьев-Астрахань теміржол құрылысы басталып, 1969 жылы Ганюшкино станциясының негізі қаланды. КСРО Теміржол министрлігінің 1970 жылдың 2 қыркүйектегі нұсқауына сәйкес, қазақ теміржолының Гурьев бөлімшесінің Ақсарай-Гурьев теміржол желісіне қызмет  көрсететін №57 Ганюшкино жол дистанциясы құрылып, теміржол учаскесін абаттандыру және күтіп ұстау бойынша қызметін бастады. Гурьев-Астрахань теміржолы Қазақстанның батыс аймағын, Орта Азия республикаларын Ресеймен тікелей жалғастырды. Сонымен қатар жол бойындағы ауылдар мен аудандардың әлеуметтік, экономикалық дамуына, шаруашылықтарына қажет тасымалдарды атқаруга да қолайлы жағдай туғызды. Жаңадан жұмыс орындары көбейді.
 
                 
Мерекелік салтанатты шеруде Ганюшкин теміржол станциясы (басшысы Теңел Исмагулов), Атырау жол дистанциясы (басшысы Амангелді Рахмеденов), әскерленген күзет мекемесі  (басшысы – Қалыбай Қайров), вагондарды техникалық жабдықтау бөлімі (басшысы Қуаныш  Суфальдияров), Ганюшкино  электр қуатымен жабдықтау дистанция бөлімшесі (басшысы Расул Қабдыжалелов), Ганюшкино өрт сөндіру пойызы (басшысы Ерсін Адилов), Атырау теміржолдың үздіксіз байланысын қамтамасыз етіп жүрген  сигнализация және байланыс дистанциясы ( ШЧ-8) және сигналды орталықтан бұғаттау басқару  мекемесі (басшысы Ербол Нұрманов), Ганюшкино вокзалы (басшысы Елена Адиева) ұжымдары жүріп өтті. Теміржол мекемелерінің қызметі жайлы бейнедерек көрсетілді.
Аудан әкімі Абат Жанғалиев құттықтап, облыс әкімінің Алғыс хатымен теміржол саласы қызметкерлері Ғазиза Сарсембаева, Ильяс Темірғалиев, Сәрсенбай Қойшиев, аудан әкімінің Алғыс хатымен  Жанаргүл Құлбаева, Руслан Ишаханов, Ерсінбек Қуанғалиев, Есенбек Қалимоллаев, Ғиззат Ғабдолов, Руслан Ғабдуловты марапаттады.
 
Аудандық мәслихат төрағасы Гүлжанат Қалиева облыстық мәслихат төрағасының Алғыс хатымен Асқарбек Сүндетқалиев, Қайрат Шайхаденов, Танат Қабдулов, аудандық  маслихат төрағасының Алғыс хатымен Айдана Фазылова, Бақтығали Зинешев, Жасталап Камалов, Аслан Қожанов, Асылжан Қамеденов, Нұрлан Хамитов, Жандос Сағындықов, Ғибрат Телешов, Райгүл Тащанова, Рита Шукеева, Жанкелді Шаяхмеденовті ұлығылады.
 
Марапаттау легін Атырау теміржол бөлімшесі басшысының орынбасары кеш қонақтары Мұрат Жүгінісов, «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының «Атырау магистралдық желі» бөлімшесі филиалы директорының орынбасары Кенжеғали Ерниязов, Атырау сигнализация және байланыс ШЧ-8 мекемесін бастығының байланыс жөніндегі орынбасары Қамидолла Ғарипов, аудандық ардагерлер  кеңесінің төрағасы, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы Ержан Ғайнетов, Ақкөл ауылдық округі әкімі Қадыржан Өтешов, Атырау вагон пайдалану депосының басшысы Әмірбек Бисеев, әскерлендірілген теміржол күзеті Атырау филиалы директорының орынбасары  Жәнібек Абдрахманов, мерекелік төсбелгі, медаль, Алғыс хаттармен 200-дің үстінде сала ардагерлері мен қызметкерлерін, спорттық сайыс жеңімпаздарын марапаттап, мерейлерін көтерді. 
 
 
Әрине, салтанатты шара шырайын ән мен күй, мың бұралған әсем би ашады десек, Ақкөл орта мектебі оқушыларының  мерекелік сәлемдемесі тыңдалып, Жалғас Сағындықов, «Илигай», «Күн нұры» би топтары, Толыбай Қажегереев, Айнагүл Қайырова, Гүлнарида Шамшиденқызы өнер көрсетті. 
 
Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT