Теміржолға көңіл бөлінеді

(0 Votes)

Өткен сайлауда  Қасым-Жомарт Тоқаев  81,31% дауыс жинап, жеңіске жетіп,енді, 26 қарашада халықтың сенім мандатын алып, ұлықтаудан өткелі отыр. Сайлауға ауданымыздан 34787 сайлаушы қатысуы керек  еді. 

Соның ішінен  29241 сайлаушы өз таңдауын жасап, көрсеткіш – 84,06 пайыз болғанын ақпарат көздерінен оқыдық. Олар  елде болған саяси науқанға  немқұрайлы қарамай азаматтық парызымыз деп қабылдап, жас мемлекетіміздің  жарқын болашағы үшін өз дауыстарын берді.

Халықтың мандатына ие болған Президентіміз  өз кезегінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын  жақсарту, экономикамызды  көтеру, саяси реформаларды іске асыру, тиімді сыртқы және ішкі саясат жүргізуде нақты қадамдарға баратынына сенім мол. Соның бірі ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасын көтеру үшін көлік дәліздерін кеңейтуге назар аударып отыр. Оның ішінде жаңа сапалы жолдар мен қоймалар салу, аймақтардың әлеуетін арттыру, саланы локомотивтермен, жүк көлігімен, контейнерлермен қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды. Еліміз  теміржол транзиттік-көліктік әлеуетін дамытуға мүдделі. Жүк пен жолаушының басым бөлігі осы шойын жол арқылы тасымалданатыны өздеріңізге жақсы мәлім. Десек те, оның жұмысы кейде көңілді көншітпейді. Жол салуға, үй тұрғызуға  қажетті  құрылыс материалдары кешігіп жатады. Себебі, вагон жетіспейді. Жолаушылар пойызындағы вагондардың сапасына да жиі сын айтылады. Мұның бәрінен Президентіміз хабардар.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев теміржол көлігі саласында өткізу әлеуетін арттыру үшін 4 негізгі жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Алға қойған міндетке қол жеткізу үшін теміржол инфрақұрылымы салынып, жылжымалы құрам жаңартылады. Сондай-ақ, 11 мың шақырым теміржол учаскелері жөнделеді. Осыған қоса барлық салада кәсіподақтармен қамтамасыз етілетін бәсекеге қабілетті және қауіпсіз еңбек ортасы құрылады.Отанымыз үшін адал еңбек ету оның әрбір азаматының перзенттік парызы. Оның үлгісін Мемлекет басшысының қызметінен көрудеміз. Президентіміздің алға қойған жоспарлары жүзеге асса, Тәуелсіз мемлекетіміздің тұғыры бұрынғыдан да беки түседі. Мен ертеңіміз жарқын боларына сенемін!

Мадат Сәрсекеев,
Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT