Телефон әперіп, тегін бетперделер таратты

(1 Vote)

Байда ауылдық округінің әкімі Ж.Төреғалиевтің айтуынша ауылдағы аз қамтылған бір отбасына жеке кәсіпкерлер Нұрлан Жантумаев, Сабырғали Бисақов, Крупская орта мектебінің директоры Шынар Исатаева бірігіп балаларын оқыту үшін өз қаражаттарына смартфон алып берген.

Ауыл басшысының ұйымдастыруымен бір топ кәсіпкерлер балаларын онлайн оқытуға қосыла алмай отырған көп балалы отбасыларының телефондарын бірліктермен толтырған. Сонымен қатар ауыл тұрғыны Ұлбосын Кабулова өз үйінен келіні екеуі, округтің аналар кеңесінің төрайымы Рабиға Исмағұлова кеңестің 7 мүшесімен бірге, ауылдық клубтың меңгерушісі Қайыржан Бисақов қарауындағы қызметкерлерімен бетперде тігіп, оны аз қамтылған, көп балалы отбасыларына тегін таратуды жолға қойған.

–Өзіңіз көріп отырсыз, ауылдық округ әкімі бұл жұмыстарды жақсы ұйымдастыра біледі. Келгеннен бері біраз жұмыс тындырды. Біз, кеңес мүшелері, зейнеткерлер Мария Сүлейменова, Тәслима Ахметова, ұстаздар Гүлзира Зейнетуллина, Ажар Ахмұқанова, Айгүл Дүйсенова, кітапханашы Гүлжан Ихласова болып бірігіп, өз қаражатымызға мата сатып алып, бетперде тіктік. Оның 70 данасын жағдайы төмен отбасыларына тегін таратып отырмыз. Қолымыздан келген бар көмекті көрсетуге әзірміз. Аналар кеңесі деген ақылы жұмыс емес, мен айтқан соң олар қолдау танытып жатыр. Себебі, біз халықпен біргеміз ғой, - дейді Байда ауылдық округі аналар кеңесінің төрайымы Рабиға Өтепбергенқызы.

siyar

Сол күні Байда ауылдық округінің әкімі Ж.Төреғалиев, округі аналар кеңесінің төрайымы Р.Исмағұлова, ауылдық клубтың меңгерушісі Қ.Бисақов, округтің бас маманы Амангелді Ғалиханов округті аралап, аз қамтылған бірнеше отбасына тегін бетперде үлестірді. Бетперделер үйде неше адам болса, солардың бәріне берілді. Ауыл жастары бірігіп бір сиырды садақаға атап, ауыл имамы Берік Дүйсалиев Құран оқыды. Садақа беру барысында да сақтық шаралары алынып, мал адамдар көп бармайтын жағалықта сойылды. Оған бірнеше тұрғын ғана қатысты. Ет 32 аз қамтылған отбасыға басқа да азық-түліктермен бірге тізім бойынша таратылды.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT