Көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында Теңіз ауылдық округінде бөгеттерді бекіту жұмыстары жүргізілуде.
Теңіз ауылдық округі бойынша жаға бекіту жұмыстары жүргізілуде. Округке қарасты барлық мекемелер, шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер, ауыл тұрғындары, сонымен қатар СОБЕС бөлімі қарасты мекемелерімен қатысуда. 1 камаз, 1 погрузчик трактор (демеушілік есебінен), 3 МТЗ тракторы, 4 жеңіл автокөлік тіркемесімен жұмыс жасауда.