JAIDARMAN көңілді тапқырлар қозғалысын дамыту аясында өткен Атырау облыстық жайдарман ойындарының «ҚЫС 2025» фестивалінде «Теңіз» командасы топ жарып, бірінші орынды жеңіп, чемпион атанды!
Командаға диплом және 300000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйлық табысталды.
Сонымен қатар фестивальге белсенді қатысып, жоғары белсенділік танытқан «Теңіз жастары» командасы алғыс хатпен марапатталды.
Айта кетерлігі, «Теңіз» командасы қысқы, жазғы және көктемгі маусымдарды қатар жеңіп, 3 дүркін чемпион атанып отыр!
Чемпиондарымызды аталмыш жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа биіктерді бағындыра беріңіздер!
Округ әкімі аппаратының баспасөз қызметі.


