2021 жылдың 20 ақпаны күні сағат 10.00-де «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен (ТШО) Атырау облысы әкімінің келісімдеріне сай жұмыс берушілер арқылы тегін оқытуға үміткерлерді іріктеу жиналысы аудан орталығында Агротехникалық колледжінде ұйымдастырылады.
Оқытылатын мамандықтар:
1. Ағаш сатылы монтаждаушы,
2. Құрылыс конструкциясын дәнекерлеушісі,
3. Темір бетонды конструкция монтаждаушысы,
4. Ағаш сатысын монтаждаушы,
5. Құбыр монтаждаушы,
6. Бақылау-өлшеу құралдарының автоматикасы,
7. Жұмысшы мамандықтары (оқшаулаушы, арматуршы, бетоншы).
Жиналыс кезінде оқу орталығының мамандары келіп бақылау тестісін өткізеді. Оқу тегін, жататын орын, 3-мезгіл тамақпен, оқу орнына алып барып, әкелетін автобуспен қамтамасыз етіледі. Степендия төленбейді. Жұмысқа орналастыруға міндеттенбейді. Бірақ, осы оқу орнының сертификатымен кез келген компанияларға жұмысқа кіру мүмкіндіктері мол болады. Оқу мерзімі 3 ай.
Осыған оқуға қалаға барып нақты оқи алатын мүмкіндігі бар үміткерлердің округ әкімдеріне немесе аудандық халықты жұмыспен қамту Орталығына келіп жазылуларын сұраймыз.
Құрманғазы аудандық халықты жұмыспен қамту Орталығы
Сурет ашық дереккөзден