Тегін құқықтық көмек көрсетті

(0 Votes)

«Amanat» партиясы аудандық филиалы Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппаратында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында азаматтарды қабылдау өткізді.

«Amanat» партиясы Атырау облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Ақтолқын Ахметжанова «Отбасы банк» бағдарламасы бойынша түсінік беріп, «Ақыл» және «Баспана» депозиттерін ашудың қыр-сырын айтты. Тұрғын үй мәселесі, оның құжаттары жөнінде келушілерді толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты, аудандық заң консультациясының меңгерушісі Ұлмекен Сапарова, ҚР Заңгерлер одағы Атырау облыстық филиалының заңгері Әсел Дарғожина  мұралық іс, мүлік бөлінісі, алимент өндіру, банкроттыққа қатыстылардың шешіміне тоқталып, жол сілтесе, аудандық мәслихат депутаты Ерлан Аманжанұлы ауыз су мәселесіне қатысты сұрақтарға жауап берді.  

-Акция барысында талдаулар жасап, халықты толғандыратын мәселелерді сарапқа салдық. Алдымен тұрғындарды мазалайтын сұрақ – әлеуметтік жағдай. Одан кейін тұрғын үй және еңбек қатынастарына қатысты сауалдары көп, — дейді «Amanat» партиясы Атырау облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Ақтолқын Ахметжанова.

Жалпы, қоғамдық қабылдауға 20-ға жуық  азамат қатысып, заңнамалық кеңес алды.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT