Теңізге ерте шыққанның берері мол

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов, аудан әкімі Қайрат Нұртаев орынбасары Жандос Бектеміров, аппарат басшысы Нұрлыбек Қалиев, «Каспий-Балық» ӨК-нің атқарушы директоры Жұмажан Шакуповпен бірге биыл балық аулауға жылдағыдан ерте шыққан балықшыларды аралап, жағдайларымен танысты.

Жаңа зауыт бой көтеруде

Бірлік ауылдық округінде «Каспий-Балық» ӨК-нің жаңа балық өңдеу зауыты бой көтеруде. Құрылыспен айналысып жатқан мердігер мекеме ресейлік «Нижний Новгород» ЖШС өкілдерінің айтуынша жаңа зауыттың сыйымдылығы 300 тонна. Мұнда 300 тонналық мұздатқыш, 200 тонналық салқындатқыш болады. Біткеннен кейін күніне 30 тонна балық қабылданады. Зауытқа аудан тұрғындарынан 70 адам тұрақты, 150 адам маусымдық жұмысқа тартылады. Еуростандарттарға сай балық көтеретін кран, басқа да қажетті құралдармен қамтылады. Мердігер ғимаратты 10 наурызда тапсырғалы отыр.

img_0600

i

Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов, аудан әкімі Қайрат Нұртаев құрылысты аралап көріп, атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Сенатор мұндай зауыттар 5 жылда өзін толық ақтайтынын айтып, енді 3 жылда балықты тек өңдеп шығаруға көшетінімізді жеткізді. Сонда саланың тиімділігі арта түспек. Жалпы «Каспий-Балық» ӨК-де 60 звено 4 тартымнан балық аулайды. Қазір 220 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырса, маусым кезінде олардың саны 650-ге дейін барады. Бізбен әңгімесінде аудандық мәслихаттың депутаты, «Каспий-Балық» ӨК-нің атқарушы директоры Жұмажан Шакупов енді жаңа зауытқа келер жолға топырақ немесе қиыршық тас төсеп жақсартса қарым-қатынас жеңілдер еді деген ұсынысын ортаға салды.

Қ.ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT