Теңіздіктер белсенді

(2 Votes)

Ауыл әкімдерін сайлауға небәрі 4 сағат өтсе де, нөмірі 177 сайлау учаскесінде 182 адам дауыс беріп үлгерді.

Олардың алды 79 жаста болса, кішісі 18-де. Жалпы,Теңіз ауылдық округіне әкімдікке сайлаушыларға 4 бақылаушы, 7 комиссия мүшесі қатысты. Төрағасы - Даулет Қауменов. Оның айтуынша, сайлауға келіп, өз таңдауын жасаушылар белсенділік танытып жатқан көрінеді. Өйткені, халықтың жоқ-жітігін,ауылды дамытуда серпін берер жаңа әкімнен олардың күтер үміті көп дейді. Төрағаның бұл сөзін теңіздік Әмір Өтегенұлы да қолдайды. - бұл орыннан үміткерлер ауылымызға келіп, өз сайлау алды бағдарламасымен таныстырды. Бізге кеңінен ақпарат беріп, сұрақтарымызға да жауабын берді. Көз көріп жүрсе де,байқалмайтын мәселелерді көтерді. Жаңа басшының ойға алған тың жұмыстарының жемісі мол боларына сенемін,-дейді зейнеткер.

Жалпы бұл сайлауда қай тұрғынның кімге дауыс бергені туралы ақпаратты жариялауға міндетті емес. Сонымен қатар, әр учаскеде жұмыс жасап жатқан байқаушылар мен комиссияның жұмысына кедергі келтірмеуі шарт.

img-20210725-wa0106

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT