Теңіздіктер қашанғы сусыз отырады?

(0 Votes)

Аудан әкімі Қайрат Нұртаев қасына бірқатар лауазым иелерін ертіп, Теңіз, Сафон, Кудряшов, Байда ауылдық округтерін аралады.

Алдымен Теңіз ауылдық округінде болған аудан басшысы ескі балабақшаның жағдайымен танысты. Округ әкімдігі ғимараты әбден тозығы жеткен. Осыдан бес ай бұрын жойқын желдің зардабынан шатырлары бүлінген. Қайрат Талапұлы сол кезде бюджеттік ұйымдарды бұрынғы балабақшаға көшіруге ұсыныс берген болатын. Алайда, одан бері ешқандай жұмыс атқарылмаған. Ғимаратқа да күні бүгінге дейін жөндеу жүргізілмеген. Аудан басшысы салқындық түспей тұрып айтылған ұсынысты тез арада қолға алуды, балабақша ішін ретке келтіріп, жылу, жарығын жүргізуді округ әкімі Анарбек Баймұхановқа тапсырды. Сонымен бірге, апатты болып танылған мәдениет үйі, кітапхана қызметкерлеріне ескі балабақшадан орын тауып беруді міндеттеді. Судың жайын сұраған Қайрат Талапұлына округ әкімі тіршілік көзінің жоқтығын, әр үй оны құдығына құйдыртып күндерін көріп отырғанын жеткізді. Әкімнің бұл жауабына ренжіген аудан басшысы неліктен осыған дейін жайбарақаттық танытып жүргенін, алдына келіп мәселе етіп неге көтермегенін айтып сынға алды. Ең бірінші кезекте осы түйткілді шұғыл шешу қажеттігін алға тартып, қасына ерген жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктеді.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521