Теңіз ауылы мемлекеттік қызметкер Куляра Құмарғалиеваны құрметпен зейнет демалысына шығарып салды

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы, Теңіз ауылдық округ әкімі аппаратында 20 жылдай еңбек еткен Құмарғалиева Куляра құрметті еңбек демалысына шықты.

Куляра Зейнеденқызы еңбек жолын балабақшада тәрбиеші болып бастады. 1984 жылы Гурьев педагогикалық училищесін үздік бітіріп шықты.

 Жанұя құрып, Жамбыл ауылдық балабақшада меңгеруші, Панфилов атындағы мектеп жанындағы балабақшада тәрбиеші болып еңбек етті.

1995-2000 жылдар аралығында Ю.Гагарин атындағы мектепте хатшы, ауылдық кітапханада кітапханашы болды. 2002 жылдың 11 қазанынан бастап Теңіз ауылдық әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарды.

Мерейгерді Теңіз ауылының әкімі  Қайсар Махсутов  құттықтады. Мерекелік шарада Құрманғазы аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Базарбай Өтеуліұлы, зейнеткер Дәулет Қауметов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Карсаков  лебіздерін білдірді.

 

Айбек ӘНУАРҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT