Теңге – Тәуелсіздік келбеті

(0 Votes)

Аудандық әкімдіктің үлкен залында «Теңге – Тәуелсіздік келбеті» атты салтанатты жиын өтті.

Оған қаржы саласына елеулі қызмет еткен ардагерлері мен сол бөлімнің мамандары, әкімдік өкілдері қатысты. Шара барысында қаржы және қазынашылық бөлімі мен «Халық банкі» жөнінде бейнеролик көрсетіліп, алғы сөзді аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлнар Әдебиетқызы алды. Ол Ұлттық валюта – Теңге күнімен жиылған қауымды құттықтап, сан жылға таяу осы саланың қыры мен сырына қаныққан әріптестеріне жемісті еңбек тіледі.

538e3dc4-2dd2-4f72-b562-d216fb392bb0

b80a5f20-e869-4037-b2e0-580972144d79

Кейін аудан әкімінің м.а Нұрлыбек Қалиев, экономика саласының «жілігін шағып, майын ішкен» үздік еңбеккерлерге аудан әкімінің алғыс хатын табыстады. Сонымен қатар, Баян Бектелеуқызын облыс әкімінің алғыс хатымен, Гүлнар Әдебиетқызын облыстық қаржы басқармасының алғыс хатымен марапаттады.

eccbae17-55b8-450c-b32d-a7dda2c01e09

Ал, аудандық маслихат хатшысы Болат Теміржанұлы өз атынан Сағынжан Рахымұлы, Серікбай Қаражанов, Рыс Құмарбекқызы сынды ардагер-қаржыгерлер және Жандос Мнафихұлы мен Ақтілек Аманғалиқызына алғыс хатын ұсынды. Теңге күніне орай өткізілген мерекелік шараның көркін С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары қыздыра түсті.

 

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT