Тазалыққа мән беру маңызды

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 14 наурыздағы №79 «Аудан бойынша елді мекендерінің санитарлық жай-күйі мен көріктендірілу және сумен жабдықтау объектілерінің жазғы-қысқы маусымға дайындығы байқауын өткізу туралы» қаулысының негізінде, жыл сайын көктемде 15 наурыздан 15 мамырға дейін және күзде 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін аудан елді мекендерінің санитарлық жай-күйі мен көріктендірілуі және сумен жабдықтау нысандарының көктемгі-күзгі маусымға дайындығы байқауын өткізу жоспарланып келеді.

Аудан әкімдігінің қаулысының І қосымшасына сәйкес ауылдық округ әкімдерінің, кәсіпорындармен ұйымдардың қызметіне басшылық ету, ұйымдастыру және үйлестіру жөніндегі аудандық штаб құрамы құрылса, қаулының ІІ қосымшасына сәйкес санитарлық тазалық жұмыстарының жүргізілу барысын бақылау жөніндегі уәкілдер құрамы бекітілді.

Қаулының ІІІ қосымшасымен аудан бойынша санитарлық айлығы мерзімінде атқарылатын жұмыстардың көлемі анықталып 20 баптан тұратын іс-шара жоспары жасақталды. Оның ішінде ауылдық округ әкімдеріне елді мекендер аумағында бет алды пайда болған қоқыс үйінділері түрлерін, металл сынықтарын, құрылыс қалдықтарын шығару, көп қабатты үйлердің жертөлелерін тазалау, кептіру және инженерлік желілердегі апаттарды жою шаралары, өзен жағаларымен ашық су көздерінің жаға бойларын қоқыстан тазарту, қоқыс төгу алаңдарын ретке келтіру сияқты жұмыстарды ұйымдастыру қаралған.

Осының негізінде, көктемгі санитарлық тазалық айлығы болып жарияланып, наурыз айының 14, 28 сәуір айының 11, 25 және 16 мамыр,қыркүйек айының 19, қазан айының 3, 17, 31 және 14 қараша күндері жалпы аудандық сенбілік күндері болып белгіленді. Былтыр өңірде 12 рет аудандық сенбілік өткізілді. Оған барлығы 5487 адам, 247 мекеме, 93 техника тартылып, 1432 тонна қоқыс шығарылды. Құрманғазы аудандық ветеринариялық станциясы мәліметі бойынша 2019 жылы 2136 бұралқы ит-мысық ауланып жойылды. «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» акция аясында аудан бойынша 2618 түп ағаш, 147 гүл отырғызылып, бұрын егілген теректердің айналасына тазалық жұмыстары жүргізілді.

Ауыз су сапасына тұрақты ведомстволық бақылау жүргізу мақсатында 23 су тазарту имараты «Ұлттық сараптау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының аудандық бөлімшесімен келісімшартқа отырып, сараптамадан өтті. Эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша жұмыстар жергілікті округ әкімдері арқылы қамтамасыз етіледі. 2019 жылы 342,0 млн. теңгеге арнайы техника сатып алынды. Оның 5-еуі санитарлық жұмыстарға арналған.

Тазалыққа 22 237,0 мың теңге жоспарланып, 22 235,6 мың теңгеге, абаттандыру және көгалдандыру шараларына бөлінген 8 476,0 мың теңге жоспар, 8 474,1 мың теңгеге игерілді. Биылғы тазалыққа 21 900,0 мың теңге, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 9 870,0 мың теңге қаралды. Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 тамыздағы №202 «Атырау облысы бойынша 2018-2020 жылдарға арналған шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тарта отырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды заман талабына сай кәдеге жарату және өңдеу бойынша іс-шаралар кешенін бекіту туралы» қаулысы негізінде қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау бойынша шараларын ұйымдастыру, тиісті инфрақұрылымын құруда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлектеп жинау, сұрыптау және қайта өңдеу жұмыстары бәсекелестік ортаға берілген.

Сонымен қатар, аудан бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері жасақталып, 2015 жылдың 4 қарашасында Құрманғазы аудандық мәслихатының №460-V шешімімен бекітілді. Күні бүгін елді мекен аумақтарында кездейсоқ пайда болған қоқыстар шығарылып, арнайы орынға төгілуде. Оның енді жаңадан пайда болуына жол берілмеуі қадағалануда.

Ә.Әжіғалиев,

аудандық тұғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT