“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында округ аумағындағы 70-ке жуық мекемелер бірлесе, ағаш отырғызу шарасын ұйымдастырды.
Жалпы 250ден астам тал отырғызылды. Мұндай іс-шара жұртшылықтың назарын қоршаған ортаның ластану проблемасына, өлкеміздің табиғатын сақтаудың маңыздылығына және экологиялық мәдениетті, оның ішінде өскелең ұрпақты қалыптастыру мәселелеріне аударуға мүмкіндік береді.
Құрметті ауыл тұрғындары! Қоршаған ортаға ұқыпты қарауды өзіңізден бастаған дұрыс!
Табиғатты бірге сақтайық!