ҚР Президентінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Теңіз ауылында "Лотос – тазалық пен жетілудің символы!" атты кең ауқымды тазалық шарасы өтті.
Аталған шараға аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және втомобиль жолдары бөлімі,аудандық ішкі саясат бөлімі, жастар ресурстық орталығы, "Жасыл ел" сарбаздары, округ әкімшілігі, сондай-ақ мектеп, балабақша, мәдениет мекемелері белсене атсалысты.

Бірлесе ұйымдастырылған бұл игі бастама – табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау арқылы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.


