Таза энергия-болашаққа нық қадам!

(0 Votes)

2-сәуір 2024 жылы сағат 11:00-де  «6В05301-Химия» мамандығының 3 курс студенттерімен (ХИ-305К) 412 аудиторияда Тұрақты даму мақсаттары бойынша №7 Қымбат емес және таза энергия бағыты бойынша ашық дәріс өткізілді.    

Сабақтың мақсаты мүмкіндігінше энергияны үнемдеу, жылыту, жарықтандыру және тоқ көзі ретінде қайта қалпына келетін энергияны қолдануды насихаттау, талқылау.

Қазіргі таңда энергияның жетіспеушілігі үлкен мәселе тудырып отыр. Оның себебі Жер тұрғындарының санының артуынан, әлемдік экономика дамуы және отын ресурстарының шектеулі болуы сияқты бірнеше факторларға негізделген. Сонымен қатар дәстүрлі қайта қалпына келмейтін энергия көздері жаһандық жылыну, ластағыш заттардың эмиссиясы, табиғатты ақылсыз қолдану сияқты экологиялық сипатта мәселе туындатады. Осы аталған жағдайлар әлемге жаңа альтернативті энергия көздерін іздеу, табу жағдайын талап етіп отыр. Қазақстанда қайта қалпына келетін энергия көздерінің мәні зор, өйткені еліміздің біршама аудандарында (әсіресе оңтүстік) энергиямен жабдықтау тиімсіздігі - электр энергиясының жетіспеушілігінен болып табылады. Осыған қарамастан еліміз жел, күн және су энергетикасын тиімді қолдануда барлық мүмкіндіктерге ие, алайда алынған энергияны сақтауға қатысты мәселе туындайды.  Бұл жағдайда альтернативті энергетика және литийлі тоқ көздерін дамыту аталған мәселені шешуге ықпал ете алады.

Студенттер энергияны дұрыс пайдалану, энерготиімділікті арттырудың глобальды көрсеткішін арттыру, дамыған елдерде энергиямен жабдықтау технологиясын ұлғайту және модернизациялау, қайта қалпына келетін энергия үлесін арттыру, экологиялық таза энергия саласы бойынша инвестиция, технология және зерттеулерді дамыту сияқты маңызды ақпараттарды талқылады.

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

химия және химиялық технология факультетінің

 доцент м.а Усипбекова Е.Ж.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT