Таза ауыз су – біз үшін арман

(0 Votes)

– Жазда ауыз судан әбден қиындық көрдік. Дуст дәмі шықты, әрі лай.

Ластығынан ыдысқа ожаумен құйып жүрдік. Осы жағдай келесі жылы тағы қайталанбас үшін аудан басшыларынан Афанасьев пен Көкарна елді мекендерін «Қиғаш-Маңғышлақ» су желісіне қосуды немесе басқа бір жолын табуды сұраймыз.

Төлеген Өтегенов, Мақаш ауылы.

– Мұның себебі кейбір округтерде су тазалау қондырғылары салынғанына 10-15 жыл өтсе де жөндеуден, сүзгілері тазалаудан өтпеген. Қазір ауданда мамандандырылған мекеме жұмыс жасауда. Барлық су сору, тазалау нысандарына техникалық қызмет көрсетіп, сонымен қатар ондағы құралдарды қарап, ауыстыру немесе жаңадан салуды зерделеу жұмыстарын жүргізеді. Судың таза болмауының тағы бір  себебі сүзгілер тозыған. Олар суды тиісті деңгейде жеткізе алмаған соң ластанады. Мамандар бізге қорытындысын бергеннен кейін шарасын аламыз.

М.Мурзиев, аудан әкімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521