Татулықтың мерекесі тойлануда

(0 Votes)

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі Құрманғазы ауданында кең көлемде тойланды.

Қызылды-жасылды киінген аудан тұрғындары мен қонақтары орталық алаңға көптеп жиналды. Халық серуеніне ұласқан мерекеде ауыл шаруашылығы құрылымдары мен кәсіпкерлер өнімдерін жәрмеңкеге қойды. Аудандық мәдениет үйі мен кітапхана, жастар орталығы, музей қызметкерлері, бала-бақша, білім ошақтары әр ұлттың тыныс-тіршілігінен сыр шертетін көрмелер ұйымдастырды. Елімізді мекендейтін этнос өкілдерінің ұлттық тағамдары қойылған дастарханнан дәм татқызып, өздеріне ғана тән өнерлерін көрсетті.

i

Тәуелсіздік алаңында «Татулығы жарасқан, мәңгілік ел – Қазақстан» атты мерекелік салтанат ұйымдастырылды.

Аудан әкімі Марат Мурзиев жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, меркеге орай өткізілген көктемгі кросстың жүлдегерлерін марапаттады.

img_20220501_124338

Татулық мерекесі әнмен әрленіп, күймен күптелді. Мың бұрала билеген бишілер шараның шырайы келтірді.

Айбек НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT