Тартымдар резерватқа берілсе, балық аулау қиындауы мүмкін

(0 Votes)

Кездесуде «Каспий-балық», «Каспий таңы» ӨК-нің төрағалары Жұмажан Шакупов, Бақытжан Теміров елдік істерге белсене араласып, балық саласындағы түйткілдердің оңынан шешілуіне атсалысып жүрген сенаторға балықшылар атынан риясыз алғыстарын білдіріп, оларды енді бір мәселе толғандыратындарын жеткізді.

Табиғат пайдаланушылар өздері су маржандарын сүзіп отырған Мальцев, Новинск, Жаркөсе тартымдары болашақта «Ақ Жайық» резерватының жеріне берілуі мүмкін екендігін алға тартып, оған жол бермеуге ықпал етуді өтінді. Өйткені, резерваттың филиалдары оларды иемденсе, балық аулауға мүлдем рұқсат етілмейтінін, тұрғындар тұрақты күнкөріс көзінен айырылатындарын ашына айтып, көмегін беруді сұрады.

Бұл пікірге Сәрсенбай Құрманұлы резервация бұл бөліктерді өз меншіктеріне алғанымен, су маржандарын аулауға тыйым салынбауы керектігін бұған дейінгі орын алған ұқсас жағдайларды дәлелдемелермен келтіріп, ол мәселені жоғары жақта әлі де пысықтап хабарын беретінін қаперледі.

Аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, штабтың мүшесі Жұмақай Ғұмаров сенімді өкілдің таныстырған кандидаттың сайлауалды бағдарламасынан біршама деректерге қанық болғандарына тоқталып, алдағы саяси науқанда әрбір азаматты белсенділік танытуға шақырды.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT