Алтын Орда теңгелері - орта ғасырдағы металл ақша.
Алғаш ХІV ғасырдың орта тұсында Бұлғар қаласында Берке хан соқтырған (1257-1267жылы). Алғашқы теңгелерге Бағдад халифы ән Насрдың аты, кейін моңғол хандары Меңгу, Арықбұға т.б. Алтын Орда хандарының аттары жазылды. Алтын орда теңгелері Сарай, Сарай әл-Жадид, Сарай әл-Махрус, Қажы Тархан, Сарайшық, Гүлстан, Хорезм, Жент, Баршын т.б. қалаларда соғылған.
Қазақстан тарихында Жошы ұлысы бізге маңызды. Өйткені біз Жошы ұлысынан кейінгі дәуірді жалғастырамыз. Сарайшық Жошы ұлысынан қалған. Мұнда көптеген зерттеу жүргізілді. Сарайшықтың көп жерін су шайып кеткен, сөйтседе мыңнан астам монета табылған. Сарайшық қаласынан табылған нумизматикалық(тиынды зерттейтін ғылым) деректер ХІІІ ғасырдың соңы мен ХІV ғасыр аралығын қамтиды. Ол жерден табылған көне теңгелер(1313-1341ж.ж.) Өзбекхан билігінің алғашқы жылдарында Сарай қаласынан шыққан. Тоқтоға мен Өзбек хандар билігі кезеңдерінде ақша айналымдағы күміс теңгелердің салмағын реттеу реформалық істері жүргізіліп, теңгелердің қолданыс аумақтары да кеңейген. Осы кезеңдегі өзгерістер ақшалардың сыртқы түрінен көрініс тапқан. Күміс теңгелерде ислам дінінің енуі, орнығуы күміс теңге –дирхемдердегі сунниттік сенімнің белгісі мен Құранның алғашқы жолдарының жазылуынан көрінеді. Кейбір теңгелерде «кутлуг булсун» деген ортағасырлық түрік сөзі жазылған. Бұл құтты болсын, яғни қолыңа түскен ақшаң құт болсын дегенді білдіреді. Жошы ұлысынан алғаш рет исламды қабылдаған - Өзбек хан. Бұлар да шақаға кәлиманы, өз есімдерін жазады. Жібек жолы торабындағы үлкен қалалардың бәрінде монета соғатын орындар болған. Кейбір теңгелерде соқтырған ханның аты мен жылы жазылса, кейбіреулерінде әр түрлі тамғалар: жануардың, құстардың, балықтардың суреттері, геометриялық өрнектер бейнеленген. 1996-1997 жылдары Батыс археологиялық экспедиция (жетекшісі З.Самашев) Сарайшыққа жүргізген қазба барысында Тоқтамыс ханның рәміздері салынған күміс және мыс тиындар тапқан. Теңгелер әр кезеңде соғылғанына қарағанда Алтын Орда хандарының мемлекетті күйзелістен шығарып және сауданы жандандыру үшін, үлкен еңбек сіңіргенін көруге болады.
Осы дәуірге сәйкес, 5 дана мыстан жасалған тиындарды Құрманғазы ауданының құрметті азаматы, Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Мақсот Жолжанов Құмарұлы аудандық музейде қызмет етіп жүрген уақытында 1990 жылдарыШағырлы елді мекенінен тапқан болатын.Араб және Шағатай графикалық мәтінінде сақталған бұл тиындар Өзбек хан тұсындағы тиындарға ұқсас. Бұл монетадағы жазулар араб әрпінде көрсетілгендігіне қарағанда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында ислам дінінің зор ықпал еткенін аңғаруға болады. Ол сол 750 жылдығы бар Алтын орда дәуіріне жататын ең құнды жәдігерлердің бірі. Еділ мен Жайық арасында экономикалық сауда-саттық орталығы Сарайшық арасында күре жолдың бойында отырықшы болып қоныстанған біздің бабалар осы киелі Құрманғазы өңірінен өткендігі дәйек.Сонау ғасырлық тарихы бар тиындар музейдің құнды жәдігерлер ретінде өз қалпында сақталып тұр.
Ж.Хайрошова,
Құрманғазы аудандық музей меңгерушісі