«Тарихтан – тағылым, өткенге – тағзым»

(0 Votes)

Шортанбай ауылдық округіне қарасты Жасталап ауылындағы Уәлиханов атындағы негізгі орта мектебінде аудандық аналар кеңесі мен педагогикалық ұжымның бірігіп ұйымдастыруымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан – тағылым, өткенге – тағзым» атты мәдени-танымдық шара өтті.

Оған округ әкімі С.Нәбидоллаев, аудандық және ауылдық аналар кеңесінің мүшелері, көпбалалы аналар қатысты.

6

6

Шара барысында азалы күннің ел өмірінде алатын орнына баса мән берілді. Мектеп оқушылары сол заманның қайғы-қасіретін, жазықсыз тұтқындалған адамдардың қайсарлығын айшықтаған театрландырған қойылымдары көрерменнің көңілінен шықты.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT