Танымдық сайыс ұйымдастырылды

(0 Votes)

Аудандық оқушылар үйінде «Қызықты калейдоскоп» танымдық сайысы өтті. Танымдық сайысқа  «Асыл мұра», «Көркем жазу», «Роботтар әлемі» үйірмелерінің оқушылары қатысты.

Танымдық сайыста: «Жорға» (сұрақ- жауап), «Өлең жолдарын қалпына келтіру», «Кім жылдам?» (ертегі суреттерін құрастыру  қысқаша ертегіні суреттеп жеткізу), «Пантомилю» ( киіз үй ішінде жасырылған сөздерді, іс-қимылмен көрсету), «Кім тапқыр?» (самакатпен жарысып, әріптерден сөз құрастыру), «Қазынаны табу» (квест) жасырын сөздерді табу және осы сөздер бойынша сөйлеу сындарынан өткізу ойындары жүргізілді.

Осы  сайыстарда белсенділік танытқан  үйірме мүшелері  аудандық Оқушылар үйінің дипломдарымен марапаттап, тәттілер таратылды. 

Айта кетейік, оқушылардың бәрі де жақсы дайындықпен келгенін көрсетті. Жоғарыда аталған  «Асыл мұра», «Көркем жазу», «Роботтар әлемі» үйірмелеріне Ардақ Жасенқызы, Гүлфара Жасқайырқызы, Аятхан Нұрсұлтанқызы жетекшілік етеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT