Тамақтан улану жылдың кез-келген уақытында болатын жағдай. Тамақтан улану – бұл микроорганизмдермен жаппай себілген немесе микробтық немесе микробтық емес сипаттағы улы заттардың көп мөлшері бар тағамды жегеннен кейін пайда болатын ауру. Микробтық сипаттағы тамақтан улану бұзылған немесе сапасыз өнімдерді тұтынғаннан пайда болуы мүмкін. Микробтық емес фактор улы өнімдерді жеуге байланысты улы балықтар, саңырауқұлақтар, улы өсімдіктер, құрамында химиялық заттар бар өнімдерді пайдаланудан болуы мүмкін.
Уланудың негізгі себебі – азық-түліктітің жарамдылық мерзімін және дайындалған тағамды сақтау шарттарын сақтамау.
Естеріңізге сала кетсек. балық, ет тағамдары, майонез және жұмыртқа қосылған салаттар, сүт тағамдары, ірімшік, жұмсақ сорттары, ақуыз кремі бар торттар үстелде 4 сағаттан кейін пайдалануға болмайды.
Тамақтан уланудың алдын алу үшін келесі негізгі ережелерді сақтау қажет:
- Үйде дайындалған тағамдарды сатып алмаңыз, белгіленбеген жерде сатылатын дайын тағамдарды пайдаланбаңыз,
- Кілегей немесе майонез қосылған дайын тағамдарды салаттарды бір тәуліктен артық сақтауға болмайды,
- Үйде мерекелік тағамдарды дайындаған кезде ең алдымен гигиена ережелерін сақтаңыз, бөлменің тазалығын қадағалаңыз,
- Тамақ дайындаған кезде қолыңызды жиі жуыңыз,
- Азық-түліктің дұрыс сақталуына назар аударыңыз, шикі және дайын өнімдерді тоңазытқышта бір сөреде сақтамаңыз,
- Азық-түлік өнімдерін кесу кезінде шикі және дайын өнімдер үшін бірдей кесу құралдарын ( пышақтар, тақтайшалар) пайдаланбаңыз. Шикі және дайын өнімге бөлек кесу құралдарын пайдаланыңыз.
- Көгеріп кеткен, қышқыл исі бар күдікті өнімдерді герметикалық бұзылған консервіленген өнімдерді, қақпағы ісінген консервілерді пайдаланбаңыз.
Б.Абилова.
Құрманғазы аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы