Талғат министрдің қолынан медаль алды

(0 Votes)

Тәртіп сақшыларының қырағылығы оларға қалың бұқараның зор сенімін қалыптастырады.

Әрине, елдің тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген жауапты мамандық иелерінің жұмысы оңай емес. Солардың қатарында Орлы ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Талғат Рахимовты айрықша атап өтуімізге болады. Салада 17 жыл еңбек өтілі бар қызметкер жақында ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжановтың қолынан «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалін алды.

2006 жылы Атырау қаласының мастан айықтыру бөлімшесінде еңбек жолын бастаған Талғат Хамитұлы кейін 2008 жылы Құрманғазы аудандық полиция бөліміне ауысты. Аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысында, Орлы, Еңбекші, Мақаш ауылдық округтерінде учаскелік полиция инспекторы қызметтерін абыройлы атқарды. Атырау мұнай және газ институтын сәтті аяқтап, кейін құқықтану мамандығын игерген.

Сауатты, жауапкершілігі мол қызметкер. Әріптестері оның қарапайым, адал, жауапты, қиын сәтте көмекке келуге дайын азамат екендігін айтады. Еңбегі де ескерусіз қалмай 2014 жылы ІІІ дәрежелі, 2019 жылы ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалімен, 2017 жылы «Қазақстан полициясына 25 жыл», 2018 жылы ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен, 2021 жылы «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған. Қандай саланың болмасын өзіне тән жүгі болатыны белгілі.

Әсіресе, құқық қорғау саласында еңбек етудің өзіндік ауыртпалығы бар. Осындай жауапкершілігі мол, әрі халыққа қызмет қажыр-қайратты қажет ететін салада жүрген Талғат Хамитұлы тұрғындардың алғысына бөленуде.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521