«ТАЛАПТАН» – жасанды интеллектке апарар алғашқы қадам

(0 Votes)

Құрманғазы ауданында «Талаптан: Цифрлық бағыттағы IT өнімдер мен стартаптар әлеміне қадам» атты екі күндік оқыту курсы ұйымдастырылды.

Курстың басты мақсаты — жасанды интеллект (AI) пен заманауи цифрлық құралдарды қолдана отырып, идеяны нақты прототипке айналдыруды үйрету болды. Алғашқы күнінде

курс тренері Әліби Жалғасұлы қатысушыларға Claude AI арқылы идеядан концепция жасап, Airtable-де мәліметтер базасын құрып, Bolt.new платформасында шағын веб-қосымша жасауды үйретті. Келесі күнінде жастар PostgreSQL-мен база құрып, SQL сұраулар орындап, Bolt арқылы форма мен кесте құрауға машықтанды. Figma-да интерфейс макетін жасап, MidJourney, PikaLabs секілді AI құралдарымен сурет және видео генерациялады. Сонымен қатар PDF құжаттарды AI көмегімен оқып, конспект жасау жолдарын меңгерді.

Әр команда курс соңында өз жобасын (Bolt + PostgreSQL негізінде) таныстырды. Figma интерфейсін көрсетіп, AI арқылы жасалған сурет/видеосын ұсынды. PDF құжатын конспектілеп, қорытынды жасады. Курс соңында қатысушылар жобаның маңыздылығын ерекше атап өтіп, алған білімдерінің болашақ мамандық таңдауы мен жеке даму жолына үлкен әсер еткенін жеткізді. Кері байланыс барысында көпшілігі жасанды интеллектпен жұмыс істеу және нақты жоба жасау тәжірибесін өте құнды деп бағалады.

Жобаны іске асыруға қолдау білдірген Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы». Қатысқан 55-ке жуық құрманғазылық жас өз идеяларын жүзеге асырып, цифрлық технологияларға сенімді қадам жасады деп толықтай айтуға негіз бар.

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT