Атом стансасын салу бойынша өткен жалпыхалықтық референдумда аудан жұртшылығы саяси сауаттылық танытып, бірліктің берік үлгісін көрсетті. Дауыс беру белсенділігі бойынша біздің өңір республикада жақсы нәтижемен ерекшеленді. Осы ретте саяси маңызды науқанды өз талап деңгейінде өткізуге атсалысқан референдум комиссияларының еңбегі орасан.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Болат Бралиев референдум өткізуге қосқан елеулі үлесі, сайлау органдарындағы ұзақ жылғы жемісті және адал еңбегі үшін Өтепқалиева Рита Мырзалықызын ҚР Орталық сайлау комиссиясының Құрмет грамотасымен, Бралина Фарида Ізмұратқызы мен Мұқұшева Шұға Хайрошқызын ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Әбдіровтың Алғыс хатымен марапаттады.
Алдағы уақытта аудан әкімін сайлау сияқты саяси науқанда да бірлесе жұмыс жасауды, сайлау процестерін заң аясында әділ және ашық қағидатына және демократияның негізгі принциптеріне сай өткізуді тілек етті.
Айбек НӘЖІМОВ