Тал-теректермен көркейтілді

(0 Votes)

«Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу» акциясы кезінде Ақкөл ауылының мешіт жанындағы «Әбу Ханифа» қайырымдылық қорының жастары да шет қалмады.

Олар округ әкімшілігінің қызметкерлерімен бірге Шора өзенінің жағасына 24 түп тал отырғызып, айналасына қоршау салды. Округке қарасты мекемелер де бұл акцияға белсенділік танытып, бұрын отырғызылған теректерді де әктеп-сылап демекші, қалыпқа келтіруді естен шығармады. Шекара асып көрші Ресей еліне шықсақ, су бойлары ну орманнан көзіңді аштыртпайды. Сондықтан біз, яғни ауыл жастары туған жеріміздің өзен жағалауларын жайқалған теректермен көркейту қажет деп шештік. Міне, сол ойымызды іске асыруға кірісіп те кеттік.

Тал отырғыза салу оңай болғанмен, оны бәйтерекке айналдыру қиын шаруа екендігі белгілі. Сондықтан біз алдағы уақытта оларды күтіп-баптап, уақытында суару жұмыстарын ұйымдастырамыз. Дана халқымыз «Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді, мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді» демекші, бұл игі ісімізді ауылымыздың көркеюіне қосқан тамшыдай үлесіміз деп есептейміз. Ауданымызда ағып жатқан өзен-көлдердің жағасына тал отырғызуға баршаңыз да атсалыссаңыздар, нұр үстіне нұр болар еді. Бәріміз де жасыл табиғат аясында өмір сүріп, таза ауамен тыныстағанға не жетсін, шіркін! Осы жағын ойланайық, ағайын!

Елеусін ИБРАГИМҰЛЫ,

Ақкөл ауылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT