Биылғы жылы Ұлы жеңістің аяқталғанына 80 жыл толып отыр. Осы мерекеге орай 9 мамыр - жеңіс күніне арналған Нұржау ауылдық округіде атап өтті.
Ел жүрегін толқытқан тағылымды шара ең алдымен ауылымыздың төрінен орын алған Боздақтар алаңына барып, бұл күні ерекше үнсіздікке, құрметке куә болдық. Таң сәріден ауыл тұрғындары, мектеп, балабақша ұжымы, барлық мекеме өкілдері мен ақжаулықты аналар мен ақсақалдар майдан даласында хабар - ошарсыз жоғалған, елге аман келген майдангерлер рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Шарада округ әкімі Мұрабек Рифхатұлы ауыл тұрғындарын Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесімен құттықтап, қан майданның ортасында болған, бізге бейбіт өмірді сыйлап кеткен бабалар алдында мәңгі қарыздар екенімізді айтса, ауылдық округтегі ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Алғаязов “2-інші дүниежүзілік соғысқа қатысқан өршіл рухты бабалардың есімі мәңгі санамызда жаңғырып тұратынын айтып, біздің қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманда, еш алаңсыз өмір сүріп жатқанымыз сол соғыста жоғалған жас ғұмырдың арқасында” екенін айтып, бабалар рухына тағзым етті. Одан әрі ауданымыздың “Құрметті Азаматы”, талай жылдар Нұржау ауылында қызмет еткен Жұмақай Мұғалұлы сөз сөйледі. Сөз барысында “Ауылымыздан қанды шайқасқа 262 адам аттанса, оның 58 майдангері ғана елге аман оралғанын айтты. Ал, тыл ардагерлері болса майдан даласына 180 тоннадай сүт, 30 тоннадай ет және жүзге жуық жылқыны Нұржаулықтар соғысқа әзірлеп жібергенін айтты. Және қазақ елі әділетті, қуатты, мәдениетті, гүлденген ел болу керек екенін айтып, баршамызды осы игі істі қалыптастыруға шақырды.
Нұржау ауылдық мәдениет үйінің жанынан құрылған Көркемсөз үйірмесінің мүшелері Ұлы Жеңістің 80 жыл мерекесіне арналған әсерлі де мағыналы өлеңдерін нақышына келтіре орындап, тыңдарман жүрегін елжірете оқыды.
Талай жылдан бері білім саласында тер төккен ардагер ұстаз Жібек Кисимова
мен ауылдық әкелер кеңесінің төрағасы Айжарық