“Таңғажайып қазына” танымдық ойыны ұйымдастырылды

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық оқушылар үйінің үйірме оқушылары арасында ашық сабақтар мен танымдық шаралар кеңінен жүргізіліп келеді. Соның бірі-«Тіл бағыттағы» үйірмелер арасында «Әдебиет-сөз өнері» тақырыбында «Таңғажайып қазына» танымдық ойыны өткізілді.

Оған «Көркем жазу», «Жас қаламгер», «Сөз сыры», «Шабыт» көркемдеп оқу шеберлері үйірмесінің оқушылары қатысты. Тіл, әдебиет, тарих, салт дәстүрлер «логикалық сұрақтар», «бейне», «көңілді сұрақтар», «затты сұрақтар» кезеңінде оқушылар экрандағы сұрақтарға жауап беріп,  қолдарындағы асықтарды иіру арқылы түсу бағытымен ұпай жинап, сынға түсті. «Көрермендермен ойын», «Сыйлықты таңдаңыз!» «Затты сұрақ»  кезеңдері ойын барысын ынталандыра түсті. Сұрақтарға жауап беруде «Көркем жазу» үйірмесінің оқушылары Жанболат Нұрасыл, Шалқар Жайнар, Қажымұқан Айзерде  мен «Сөз өнері» үйірмесінің оқушылары Батырбекұлы Нұрбақыт, Фархадұлы Дамир, Мадиева Жансая өзіндік ойын жеткізуден, сөз саптау шеберлігімен шыңдалды.

Ойын шарты бойынша «Таңғажайып қазына» иесі анықталып жеңімпаз ойыншы «Сөз өнері» үйірмесінің оқушысы Құспанәлі Аружан ҚР еңбегі сіңген қоғам қайраткері, жазушы, ақын, ел мақтанышына айналған тарихи тұлға Ж.Нәжімеденов туралы өз ойын ортаға салды.

Шара соңында қазылар алқасы Абай атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі, жоғары санатты ұстаз Мирасова Маржан қатысқан оқушылардың жетістіктері мен кемшін тұстарын саралады, қатысушыларды марапаттады. Танымдық шара жоғары деңгейде өтті.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT