«Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі»

(0 Votes)

Тағам өнімдерінің қуіпсіздігі жөнінде тұрғындар арасында көптеген түсінік жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік желілер, баспасөз беттеріне жариялау арқылы кеңінен түсінк жұмыстары жүргізілуде.

Тағам өнімдерінің қауіпсіздігін сақтау адам денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі таңда тағам өнімдерінің қауіпсіздін сақтау мақсатында көптеген Кеден одағының техникалық регламенттері (КОТР) қолданыста.

Кеден одағының техникалық регламенттерінің басты мақсаты тұтынушыларды жаңылыстыратын әрекеттерден ескерту, адамның өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бойынша өнімдердегі таңбалау шынайы, оқылатын және қолжетімді болуға тиіс. Таңбалау бұйымға, бұйымға жапсырылатын затбелгіге немесе тауарлық құлақшаға, бұйымның орауышына, бұйымдар тобының орауышына немесе өнімге қоса берілетін қосымша параққа түсіріледі.

Таңбалауда мынадай міндетті ақпарат болуға тиіс: өнімнің атауы; дайындаушы елдің атауы; дайындаушының, не сатушының, не дайындаушының уәкілетті тұлғасының атауы; дайындаушының, не сатушының, не дайындаушының уәкілетті тұлғасының заңды мекенжайы; бұйымның өлшемі; шикізаттың құрамы; тауарлық белгі (болған жағдайда); Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі; дайындаушының кепілдік міндеттемелері (қажет жағдайда);дайындалған күні; өнім топтамасының нөмірі (қажет жағдайда). Таңбалау және ақпарат орыс тілінде немесе осы бұйым аумағында шығарылатын және тұтынушыға өткізілетін Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде берілуге тиіс. Импорт өнімдер үшін өнімдерді жасап шығарған елдің атауын, дайындаушының атауын және оның заңды мекенжайын латын алфавиті әріптерін пайдаланып көрсетуге жол беріледі. «Экологиялық таза», «ортопедиялық» деген нұсқаулардың және басқа да тиісті растауларсыз ұқсас нұсқаулардың болуына жол берілмейді. Өнім түрлеріне байланысты салмақ, сұрып, үлгісі және т.б. көрсеткіштері көрсетіледі7

Өнімдердің сәйкестігін растау: Өнімдер нарық айналымына шығар алдында сәйкестікті декларациялау немесе сертификаттау сәйкестігін міндетті растау процедурасынан өтуі тиіс. Сертификат Кеден одағының сынау зертханалары мен сертификаттауы бойынша Біріңғай тізілімге кіретін, сәйкестікті растау органымен беріледі.

Құрманғазы аудандық СЭБ басқармасының жетекші маманы: Абилова. Б.В.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT