Табысымыз артып, тұрмысымыз түзеледі

(0 Votes)
Елбасының Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялайды деген хабарды жақсылықтың жаршысы ретінде қабыл алдым. Теледидардан бастан аяқ тыңдап, біраз өзекті мәселелердің қаммтылғанына көңілім толды. Жолдаудың тақырыбының өзі отандастарымыздың әл-ауқатының өсуі, соның негізінде табыс пен тұрмыс сапасын арттыруды көздеп отыр. Елбасымыз айтқандай, әр адам еңбекқорлығын танытып, өз кәсібін жақсы игеріп, лайықты жалақысын алғанда, жеке кәсібін ашып, игілігін көргенде ғана табысы арта түсетінін айтты. Мемлекет пен халық күш біріктіргенде жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға болатынын тағы да қаперімізге берді. Ең қуаныштысы, Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есеге, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін арттыру болды. Бұл мұнай-газ саласындағы жоғары еңбекақы алатындарға емес, түрлі нысандағы кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін 1 миллионнан астам адамдардың мардымсыз табыс табатындарын қамтитын болады. Сондай-ақ, мекемелерде істейтін 275 мың адамның еңбекақысы көбейіп, шамамен айтқанда 35 пайызға өседі деп күтілуде. Бұл мақсатта алдағы 2019-2020 жылдарда республикалық бюджеттен 96 миллиард теңге бөлінбек. Ел экономикасын дамытуға қуатты талпыныс берген «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының тиімділігін ескеріп, оның қолданылу мерзімін 2025 жылға дейін ұзартып, оны жүзеге асыру үшін қосымша қаражат көзі қарастырылады. Бұл қосымша кәсіп көзін, жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлікті одан әрі қолдау бағытында бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан, қылмыстық қудалаудан қорғауға алады. Үлкен қолбайлау келтіретін көлеңкелі экономикамен күресу үшін бұрындары болған экономикалық тергеу қызметін қайта құру қажеттігі де айтылды. Бұдан басқа табиғи монополиялардың қызметі үшін белгіленетін тарифтерді реттеп отыру, көлік-логистика қызметін жетілдіру, шетелдік инвесторлармен бірлесіп инвестиция салу, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін жақсартып, ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын көбейту, инновациялық технологияларға ерекше көңіл бөлу, қаржы секторының рөлін күшейту, оны сауықтыруға жұмыстану, зейнетақы активтері мен әлеуметтік сақтандыру жүйесінің ресурстарын тиімді басқару Жолдаудағы халық табысының өсуін жақсарту жолындағы жеті тапсырмаға негіз болады. Аталған шараларды жүзеге асырар болсақ қазақстандықтардың табысы артып, тұрмыстары одан ары түзелері сөзсіз. Салауат Ниғыметов, «Заман секьюрити» ЖШС қызметкері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT