ТАБЫСТЫ ҰЖЫМНЫҢ МЕРЕЙЛІ МАРАПАТЫ

(1 Vote)

2024  жылы 28 тамыз күні С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Құрманғазы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» тақырыбында педагогика қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы өткен болатын. 

Жыл қорытындысы бойынша  оқу- тәрбие үдерісіндегі жетістіктері үшін Шортанбай жалпы орта мектебі -  «Үздік мектеп-2024» номинациясымен марапатталды. «Береке басы -  бірлікте» - дегендей бұл марапат ұжымның үлкен еңбегі. Бұл марапаттың ішінде дарынды шәкірттердің, білікті педагогтердің, сондай-ақ техникалық қызметкерлердің нәтижелі еңбектерін атап өту керек. Бұндай номинацияны Шортанбай мектебі тұңғыш рет алып отыр, мектеп тарихында болмаған оқиға десек артық етпейді.

Сонымен қатар, аталған конференцияда мектептің тарих пәні мұғалімі Гүлнар Уразгалиевна Байшова ҚР Оқу-Ағарту министрлігінің Құрмет Грамотасымен және шығармашылық жетістіктері үшін  "Табысты  ұстаз-2024" номинациясымен,  биология пәні мұғалімі Құралай Шапхатқызы Ұзағалиева Құрманғазы аудандық мәслихатының Алғыс хатымен ұлығыланды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT