Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, зиян келтірмеу, оны қорғау әр адамның азаматтық борышы, міндеті!

(0 Votes)

Ауданымызда соңғы жылдары бұрын болмаған Тұңғиық гүл- Лотос гүлі  өсуде.

Лотос- тазалықтың символы. Бұл өсімдік адамның аурасын тазартып, оның денсаулығына пайдалы әсер етеді деп саналады. Алқапқа келушілерге арнайы нұсқаулық көмек  көрсететін кәсіпкерлік  нысандар бар.«Қиғаш», «Lotos Atyrau», «Бисенов А.Т.», ВМС, Хан-Балық , «Каспий».

«Лотос гүлі» су ортасында  биіктігі 150 сантиметрге  дейін жететін лотос шілде айының ортасынан тамыздың соңына дейін гүлдейді.

Аумағы 5 мың гектар қамтиды. «Лотос гүлі» ерекше және әдемі табиғи құбылыс. Гүлдің бір ерекшілігі лай мен батпақты жерде өскеніне қарамастан, сұлулығы көздің жауын алады.

Айдын бетін абат баққа бөлеп тұрған, көп дінде тазалықтың символы есептелетін гүлді жұлуға болмайды. Себебі бұл еліміздің  «жаңғақты лотос» өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қауіпі төнген түрлерінің  тізбесіне енгізілген.

Қазақстанда Лотос гүлінің сирек  кездесетін соншалық, гүлдің бұл түрі Қызыл кітапқа енгізілген. Табиғат аясын тамашалауға келген қонақтардың арасынан  гүлді сындырып, жұлу фактілері  жие кездеседі.

«Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктерге зиян келтірген азаматтар жауапкершілікке тартылады. Ол үшін ҚР ҚК-нің 339- бабына сәйкес, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Ал сирек кездесетін жануарға зиян тигізу, табиғатқа заллал келтіру  300 АЕК-ке дейінгі мөлшерде  айыппұл төлеуге  немесе сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына тартылуы  апарып соғады.

Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы  бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT