«Табиғат сенің өз үйің» экологиялық интеллектуалдық сайыс өтті

(0 Votes)

Өңірге танымал медициналық және әлеуметтік волонтер Мира Есниязова жетекшілік ететін «Жаныңдамын!» қоғамдық қоры аудандық орталықтандырылған кітапханада мектеп орқушылары арасында «Табиғат сенің өз үйің» атты экологиялық интеллектуалдық сайысын өткізді.

Қатысушылар «эко-демалыс» блиц әдісімен үстел үсті ойынында тақырыптық білгірлігімен мықтыларды анықтады. Ойынның мақсаты экологиялық ойлауыдамыған және табиғатты сақтап қалуға белсенді, жоғары экологиялық сауатты, мәдениетті буынды тәрбиелеуді көздейді.

Сонымен бірге, жас ұрпақты қайта өңделетін қалдықты ажыратып сұрыптауға үйрету, қоршаған ортаны таза ұстауға баулу, бос уақыттарын тиімді пайдалануға дағдыландыру да ойынның діттеген межесі.

Шара аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясының қолдауымен ұйымдастырылды. Интеллектуалдық сайысқа 13 команда қатысып, оқушылар жалпы білімімен қоса, экологиялық тақырыпқа қатысты блиц және куиз әдісіндегі сауалдарға жылдам жауаптарын беріп отырды.

Сондай-ақ, туған ауылының бес жылдан кейінгі көрінісін сипаттап ой жарыстырды.

Ойын соңында білімдарлығымен, ұтқырлығымен көзге түскендер марапатталды.

Гүлдана БРАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT