Табиғаты тамылжыған туған жер

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында туризмге экономиканың маңызды саласы ретінде ерекше көңіл бөлуді тапсырған еді.

Осы мақсатта Халықаралық туризм күніне орай облыстық Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сай «Өлке ғажаптары» тақырыбында тимбилдинг ұйымдастырылды. ​Алғашқы сөз алған аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Еділ Баяров 2016 жылы негізі қаланған аудандық «Жас туристер бекеті» мемлекеттік мекемесінің бас-аяғы 5 жылдың ішінде бірегей бастамаларды қолға алып, жақсы жетістіктерді бағындырып келе жатқанына ерекше тоқталып, шараның сәтті өтуіне тілектестігін білдірді.

4bca0b5e-8bbc-499e-ad2d-2e9f3058b5ad

Сөз кезегін жалғаған облыстық әдістемелік орталығының тәрбие бөлімінің басшысы Зина Ізтелеуова елімізде экологиялық мәселенің өте өзекті екенін, Жер-ананы аялау, қоршаған орта тазалығын сақтау аясындағы жұмыстар көбейсе деген ұсынысын жеткізді. ​Аудандық жас туристер бекетінің директоры Алжами Өтегенов тимбилдинг бағдарламасымен таныстырып, аталмыш мекеменің алға қойған мақсат-жоспарларын тізбектеді. Бөлім меңгерушілері Е.Сарсембаев, К.Базарбаев, Д.Тілеуғалиев өлкетану, экология, спорттық туризм үйірмелерінің ауқымды жұмыстарына, оқушылардың шығармашылық ізденісінен шыққан тартымды туындыларына шолу жасады.

bc2f7bdc-b805-403a-8153-c36fad723fd2

Шара Сафон ауылдық округіне қарасты табиғаты тамылжыған Панкрашкин орманына сапарға ұласты. Спорт бөлімінің басшысы А.Атаев спорттық туризм техникаларын көрсету, карта арқылы лабиринттен өту бойынша шеберлік сынып өткізді.

4042c9b2-174f-4fe4-bc0d-3505f4c8b6b5

Жеті ауданнан жиналған қонақтар «Барыс» және «Сұлтан» командалары болып екі топқа бөлініп, «Қырықаяқ», «Топ болып кедергілерден өту», «Тимбилдинг сөзін құрау», «Паралельді өткелді құру» сынды қызықты сайыстардың көркін қыздырды. Жеңімпаздар марапатталып, барша тимбилдингке қатысушылар сұлулығы сонау алыстан көз тартар өлкемізден алған жылы әсерлерімен бөлісті.

 

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521