2020 жылдың ақпан айының 17 күні Әбу Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебінің «Жас туристер» үйірмесінің жылдық жоспарына сәйкес үйірме мүшелерімен саяхаттық жорыққа шығып қайттық.
Саяхаттық жорықтың мақсаты, жорықта шешілетін міндетттер, жорық алдындағы дайындық, жалпы тактикалық шаралар, қауіпсіздік техникасын жалпы ұйымдастыру және сақтандыру т.б.).
Осыған орай 2019-2020 оқу жылында алдымызға жаңа белестер қойып, белестердің шегіне жетуге мақсат қойдық. ҚР Призедентінің халыққа Жолдауынан «Менің Отаным – Қазақстан», «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туристік –өлкетану қызметін жетілдірудің жаңа мақсаттары мен міндеттері» атты семинар кеңестің шеңберінде саяхат жорығын ұйымдастыру жайлы мақсат қойылған болатын.
Маршрут Алға селосы, Мақаш ауылынан Жұмекен ауылы аумағында Жұмекен елді мекеніндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының авторы Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов атына ашылған саябақ және ескерткіші, №8 Бекет елді мекен маңындағы қазақтың қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Мақаш әкім (нақты есімі — Мұхамбетжан Шолтырұлы Бекмұхамбетов) кесенесіне саяхатқа шығу жорығы жоспарланды.
Аталмыш саяхат жорығына, Жас туристер үйірме жетекшісі Даугалиев Бейімбет Сериккабылұлы жетекшілік етті.
Саяхат жорығының жалпы мақсаты:
✓ Саяхат жорығын және салауатты өмір салтын насихаттау;
✓ Келіп жеткен Тәуелсіздігіміздің 28 жыл мерейтойына арнап саяхат жорығын ұйымдастыру;
✓ Саяхат жорық маршруты бойынша өтілетін елді мекендерден Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының авторы Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов туралы ақпарат жинау;
✓ Жүріп өткен елді-мекендерден тарихи – өлкетану ақпараттарын жинау;
✓ Жинақталған ақпараттарды қорытып, ақпарат көздеріне тарату;
✓ Туған өлкені сүюге, табиғатын аялай білуге тәрбиелеу.
Тұрарбекқызы Милана,
Әбу Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы