Таңдаушылар талқысынан өтті

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Атырау облысы атынан алдағы саяси додада бақ сынайтын үміткерлердің бірі - Сағындық Лұқпанов үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу бағытында аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті.

Жиынды ашып, жүргізген оның сенімді өкілі, аудандық кеңестің төрағасы Жұмақай Ғұмаров Сағындық Есенғалиұлының өмір және еңбек жолдарымен таныстырды. Үміткердің мамандығы - инженер, ұзақ жылдар бойы өңірдегі теміржол саласында байланыс және сигнализация бөлімшелерін басқарған, кейіннен «Атырау» ӘКК-іне жетекшілік жасады. Облыстық мәслихаттың екі шақырылымында хатшы болып сайланды, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. Қазіргі жұмыс орны «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС басқарушы директоры, басқарма мүшесі.

img_2729

Таңдаушылар назарына өзінің сайлауалды бағдарламасын ұсынған С.Лұқпанов ондағы кейбір өзекті деген тұстарына кеңірек тоқталды. Атап айтсақ, денсаулық сақтау саласындағы кездескен қиындықтар, білім берудегі қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы олқылықтар, өңірдегі экология, қоршаған ортаның ластануы сияқты проблемалар, оны шешу жолдары, сондай-ақ, түрлі қолбайлауларға алып келетін нормативтік-құқықтық актілердегі алшақтықтар, қарама-қайшылықтар сөз болды.

img_2727

Кездесуде аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Жүгінісов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Ө.Есенғазиев, депутаттар Б.Кенжебаев, Г.Мүтиева Сенат депутаттығына үміткерге сауалдарын қойды.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521